15.05.2026, 11:30
Оқылды: 13

Шыңғырлауда аналардың өнері мен шеберлігі сынға түсті

Халықаралық отбасы күніне орай Шыңғырлау аудандық «Дән» мәдениет үйінде аудандық «Асыл ана – 2026» көпбалалы аналар байқауы өтті. Тағылымы мол шараның мақсаты – аналардың қоғамдағы рөлін насихаттап, көпбалалы аналардың өнегелі тәрбиесін үлгі ету болды.

image-14-05-26-10-20

Байқауға ауданның әр ауылдық округтерінен келген өнерлі әрі өнегелі аналар қатысып, өздерінің жан-жақтылығын көрсетті. Қатысушылар таныстыру, салт-дәстүрге қатысты сұрақтар, орамал тағу үлгілері және қолөнер мен ұлттық тағамдар көрмесі бойынша сынға түсті.

image-14-05-26-10-21

Байқау қорытындысында І орынды Бейнегүл Сарсенова иеленсе, ІІ орын Айдана Меңдібаева мен Әсел Утеулиеваға бұйырды. Ал ІІІ орынды Жұлдыз Бекеева, Әсемгүл Нешпаева және Данагүл Уксумбаева иеленді.

image-14-05-26-10-20 (1)

Шара барысында аналардың қоғамдағы орны мен отбасы тәрбиесіндегі маңызы кеңінен насихатталып, ұлттық құндылықтарды дәріптеген әсерлі кеш көпшілік көңілінен шықты.

Светлана Ешматқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале