19.05.2026, 20:00
Оқылды: 11

Шыңғырлау ауданында комиссия отырысы өтті

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімдігі аппаратыныңмәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары М.Нұртазиевтің төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

image-19-05-26-07-14

Комиссия отырысының күн тәртібінде жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі, суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары, аудан аумағындағы су құбырлары мен өрт сөндіру гидранттарының жай-күйі, теміржол торабындағы қауіпсіздік және апатты тұрғын үйлер мәселелері қаралды.

Жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, білім беру бөлімі, «Шыңғырлаукомтехсервис» мекемесі, теміржол станциясы және ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімдерінің басшылары  баяндама жасады. Баяндамалар барысында жазғы кезеңде табиғижәне техногендік өрттердің алдын алу, ауыл шаруашылығы техникаларын техникалық тексерістен өткізу, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын күшейту, балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарының техникалық жағдайы сөз болды.

Комиссия мүшелері тарапынан баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойылып, нақты ұсыныстарайтылды. Отырыстың қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары М.Нұртазиев:

– "Жаз мезгілі басталысымен төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі ерекше маңызға ие болады. Әсіресе дала өрттерінің, судағы қайғылы жағдайлардың алдын алубарша мекемелердің ортақ міндеті. Әрбір жауапты сала қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуі қажет. Сонымен қатар инфрақұрылым нысандарының дайындығы мен техникалық жағдайы тұрақты бақылауда болуы тиіс. Берілген тапсырмалар уақытылы әрі сапалы орындалуы қажет, – деп атап өтті.

                                                                                                                                                                              Светлана Ешматқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале