19.05.2026, 22:00
Оқылды: 6

Жіңішкедегі жағымды жаңалық

Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округіне қарасты Жіңішке елді мекені үшін бүгінгі күн қуанышты жаңалықпен есте қалды. Елді мекенде көптен күткен Jusan Mobile тегін мобильді интернет желісі орнатылып, ресми түрде іске қосылды. Бұл бастама тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.

image-19-05-26-07-01

Бұған дейін Жіңішке ауылында ұялы байланыс болғанымен, интернет желісінің жылдамдығы өте төмен еді. Соның салдарынан тұрғындар онлайн қызметтерді толық пайдалана алмай, кәсіпкерлердің жұмысына және тұрғындардың күнделікті байланысына бірқатар қиындықтар туындаған болатын. Енді жаңа желінің іске қосылуы арқылы бұл мәселелер өз шешімін тауып отыр.

Елді мекен тұрғындарының айтуынша, сапалы интернеттің келуі уақыт талабынан туған қажеттілік. Бүгінде интернет тек байланыс құралы ғана емес, білім мен ақпараттың, қызмет пен мүмкіндіктің негізгі тетігіне айналды. Сондықтан Жіңішке елді мекеніндегі бұл жаңалықты халық ерекше қуанышпен қабылдады.

Осыған байланысты Ащысай ауылдық округінің әкімі Жарас Юмабаев өз пікірін білдіріп, атқарылған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

– «Мемлекет басшысы ауылдық елді мекендердің цифрлық мүмкіндіктерін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Соған сәйкес біздіңокругте де кезең-кезеңімен нақты жұмыстар атқарылуда. Жіңішке елді мекенінде интернет сапасын жақсарту туралы тұрғындар тарапынанбірнеше рет ұсыныстар айтылған болатын. Бүгіндесол өтініштер ескеріліп, нәтижесінде Jusan Mobile тегін мобильді интернет желісі іске қосылып отыр. Бұлауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Әсіресе мемлекеттік қызметтерді онлайн алуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз, – деп атап өтті.

Жаңа интернет желісінің іске қосылғанына Жіңішке елді мекеніндегі «Хадиша» шаруа қожалығының басшысы Орынбасар Кушев пен қызметкерлері де ризашылықтарын білдірді.

– «Қазіргі таңда барлық жұмыс цифрландырылып жатыр. Интернеттің сапалы болуы біз үшін өте маңызды. Бұрын байланыс әлсіз болғандықтан көптеген мәселелер туындайтын. Енді жаңа желініңі ске қосылуы жұмысымызды жеңілдетіп, ақпарат алмасуды жылдамдатады. Осындай игі іске атсалысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз», – деді шаруашылық ұжымы.

Жіңішке елді мекенінде іске қосылған жаңа мобильді интернет желісіауылдың цифрлық дамуына жасалған нақты қадам. Бұл бастама алдағы уақытта ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз.

Мөлдір Сәдір

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале