24.05.2026, 10:00
Оқылды: 8

Бөкейде асықтың сұр мергені мен бес асықтың ептісі анықталды

Бөкей ордасы ауданы орталығындағы «Орда» спорт кешенінде асық ату және бес асықтан Батыс Қазақстан облысының командалық чемпионаты  өтті.

FB_IMG_1779560402638

Ұлттық спортты ұлықтаған дүбірлі доданың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  Данагүл Ғайнуллина мен Батыс Қазақстан облысының «Алтын сақа асық ату» федерациясының атқарушы директоры, аға жаттықтырушысы Е.Өтеғалиев сөз алып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Облыстық чемпионатқа Бөрлі, Казталов, Қаратөбе,  Сырым, Теректі, Бөкей ордасы аудандары мен Орал қаласының  командалары қатысты.

FB_IMG_1779560405381

Аудан намысын қорғай келген әр команда да тартысты ойын өрнегін көрсетті.

FB_IMG_1779560419667
Ұлттық ойындардың мәртебесін көтеруге бағытталған жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтты.

FB_IMG_1779560409058
Асық ату сайысының қорытындысы бойынша ІІІ орынды Қаратөбе ауданы,  ІІ орынды  Сырым ауданы,  І орынды Орал қаласы иеленді.

FB_IMG_1779560142321
Ал бес асық бәсекесінде ІІІ, ІІ  орындарға бөкейлік екі команда лайық танылса,  І орынды Теректі ауданының командасы еншіледі.

FB_IMG_1779560136086
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және марапаттармен марапатталды.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале