Бөкей ордасы ауданы орталығындағы «Орда» спорт кешенінде асық ату және бес асықтан Батыс Қазақстан облысының командалық чемпионаты өтті.

Ұлттық спортты ұлықтаған дүбірлі доданың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данагүл Ғайнуллина мен Батыс Қазақстан облысының «Алтын сақа асық ату» федерациясының атқарушы директоры, аға жаттықтырушысы Е.Өтеғалиев сөз алып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Облыстық чемпионатқа Бөрлі, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Бөкей ордасы аудандары мен Орал қаласының командалары қатысты.

Аудан намысын қорғай келген әр команда да тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Ұлттық ойындардың мәртебесін көтеруге бағытталған жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтты.

Асық ату сайысының қорытындысы бойынша ІІІ орынды Қаратөбе ауданы, ІІ орынды Сырым ауданы, І орынды Орал қаласы иеленді.

Ал бес асық бәсекесінде ІІІ, ІІ орындарға бөкейлік екі команда лайық танылса, І орынды Теректі ауданының командасы еншіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және марапаттармен марапатталды.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы