26.05.2026, 20:30
Оқылды: 10

Санаторлық-курорттық ем кімдерге беріледі?

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мемлекет есебінен тегін санаторлық-курорттық ем алуға бірқатар азаматтар құқылы. Олардың қатарында мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалар және оларды алып жүретін бір адам, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, сондай-ақ соларға теңестірілген тұлғалар бар. Мүгедектігі бар азаматтарға бұл қызмет жеке оңалту бағдарламасына сәйкес ұсынылады.
istockphoto-2261954404-2048x2048
Сонымен қатар кейбір азаматтар санаторийге жеңілдікпен жолдама ала алады. Мәселен, зейнеткерлерге екі жылда бір рет жолдама беру қарастырылған. Бұдан бөлек, жергілікті әкімдіктердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған әлеуметтік санаттағы азаматтар да тиісті қолдауға ие болады.
Аудан тұрғындары арасында санаторийлік ем алу тәртібі, оған кімдердің құқығы бар екендігі туралы сұрақтар жиі туындайды. Осыған байланысты отбасылық денсаулық сақтау орталығының меңгерушісі, дәрігер Лаура Аманова бұл бағыттағы жұмыстар мен тәртіп жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті.
- Көп жағдайда тұрғындар ақпараттың жетіспеуінен немесе құжат рәсімдеу тәртібін білмегендіктен кешігіп жатады. Сондықтан қандай да бір сұрақ туындаса, міндетті түрде жергілікті емханадағы учаскелік дәрігерге жүгінген дұрыс. Әрбір азаматқа оның денсаулық жағдайына қарай толық ақпарат пен түсіндірме беріледі.Санаторийлік-курорттық ем ең алдымен медициналық көрсеткішке байланысты беріледі. Яғни, әр азаматтың денсаулық жағдайы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысы арқылы қаралады. Егер адамның емделуіне қажеттілік анықталса, тиісті құжаттар рәсімделіп, кезек тәртібімен жолдама ұсынылады. Сондықтан тұрғындарға ең алдымен өздерінің учаскелік дәрігеріне қаралып, толық медициналық тексеруден өту маңызды, — дейді Лаура Аманова.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы,
Қазталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале