26.05.2026, 20:45
Оқылды: 9

Үздік тәрбиешілер байқауында топ жарды

Орал қаласында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған байқау Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен оздырылған.

Үздік педагог (1)

Байқауға облысымызға қарасты 12 ауданнан және Орал қаласынан барлығы 13 тәрбиеші қатысып, кәсіби шеберліктерін ортаға салып, кім мықтыны анықтады. Тәрбиешілер жарыс барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, балалармен жұмыс жасау шеберліктері, шығармашылық ізденіс және педагогикалық тәжірибелері бойынша бағаланды.

Аталған байқауға ауданымыздың атынан Ақсай қаласының №8 «Өркен» бөбекжайының тәрбиешісі Альбина Алимгалиева қатысып, жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады. Альбина Еркінқызы жарыс кезінде өзінің кәсіби шеберлігін танытып, шығармашылық ізденісі және бала тәрбиесіндегі тәжірибесімен ерекшеленді.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале