Сырым ауданы Алғабастағы М. Қаналиев атындағы мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің жанынан құрылған “Эко-қорғаушылар” ұйымы тағы бір тамаша жобаға кірісті.
Бұған дейін Аңқаты өзенінің аңғарын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, тоғандарда қалған балықтарды сүзіп, айдынға жіберіп, бұлақ көздерін ашып жүрген “жасыл жауынгерлер” мектеп ауласынан бақша салып, оның күтімін оқушыларға емес, балабақшадағы іні-қарындастарына тапсырды.
Бақтың көлемі 12,5 шаршы метр шамасында. Ішінде қызанақ, қияр, бұрыш, баялды егілген.
Ұйымның жетекшісі, мектеп тәлімгері Нұрболат Жұмағазиевтің айтуынша, мектеп қабырғасындағы балаларды, жасөспірімдерді экологиялық акцияларға, мектепішілік жұмыстарға қатыстыру - мәжбүрлі еңбек емес, тәрбие жолы.
Кеше кішкентай бағбандар тәрбиешілерінің көмегімен бақшаға көкөніс көшеттері мен тұқымдарын егіп, табиғатты аялау мен еңбекқорлықтың алғашқы сабақтарына қатысты. “Эко-қорғаушылар” балаларға бақша құралдарын пайдалану және бақ ішінде жүру тәртібін үйретіп, сұқұярлар сыйлады. Балабақша тәрбиеленушілері суару мен күтімді мойындарына алды.
Бауыржан Ширмединұлы,