Орал қаласында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Жұмашевты еске алуға арналған грек-рим күресінен 2012-2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті.

Елдің әр өңірінен жиналған жас балуандар бақ сынаған байрақты бәсекеде Шыңғырлау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ералы Задыгерей жоғары нәтиже көрсетіп, 57 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, турнир чемпионы атанды.
Жас спортшының бұл жеңісі - табандылық пен жүйелі дайындықтың жемісі. Чемпионды жарысқа баптап қосқан жаттықтырушысы Сапарғали Жетмеков шәкіртінің жетістігі аудан спортының мерейін үстем еткенін атап өтті.

Аталған жарысқа қатысқан аудан құрамасының жетекшісі Манас Темирбулатов та команданың жоғары деңгейде өнер көрсетуіне үлес қосып, жас спортшыларға қолдау білдірді.
Светлана Ешматқызы,
Шыңғырлау ауданы