12.06.2026, 17:00
Оқылды: 19

Өзбекстанның «My Freighter» (Сentrum Air) әуе компаниясы Қазақстанға жаңа бағыт ашады

ҚР Көлік министрлігі әуе қатынастарының географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді.

_gluster_2026_6_3_d724271d710eeab580ae644171ae85a1_1280x720

Осылайша, ағымдағы жылдың 13 маусымынан бастап Өзбекстандық «My Freighter» (Сentrum Air) әуе компаниясы Қазақстанға Ташкент – Қостанай жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына 1 рет (сенбі күндері) «Airbus 320» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале