14.06.2026, 10:00
Оқылды: 16

Атырау облысында 7 трлн теңгеге 60 инвестициялық жоба іске асырылады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Атырау облысына жұмыс сапары аясында Аймақтық инвестициялық штабтың отырысына қатысты, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

_gluster_2026_6_13_dfd4f2e4e23d904c2d3d89a03002494c_1280x720

Фото: gov.kz

Басқосуда өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған бірнеше ірі жобаның барысы мен инвесторларды қолдау шаралары сөз болды.

Министр орынбасарының айтуынша, Атырау облысы — еліміздегі мұнай өндірісінің 60%-дан астамын және газ өндірісінің шамамен 80%-ын қамтамасыз етіп отырған негізгі экономикалық орталық. Алайда қазіргі басты міндет — тек шикізатқа сүйенбей, мұнай-химия кешенін, энергетика, логистика және жоғары қосылған құн өндірісін дамыту. Бұл Үкіметтің 2029 жылға қарай ел экономикасын 450 млрд долларға жеткізу және кем дегенде 150 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тарту жөніндегі стратегиялық мақсатына тікелей байланысты.

Жиында «Силлено», «KMG PetroChem», «Атырау вагон зауыты», «Фибратекс» және «Бутадиен» сияқты ірі компаниялардың стратегиялық жобалары, сондай-ақ Атырау арнайы экономикалық аймағының (АЭА) инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.

Өңірдің салық базасын кеңейту үшін мердігер мекемелерді жергілікті жерде тіркеу бастамасы да көтерілді. Сапар барысында Әлібек Қуантыров «Талшықтекс» және «Фибратекс» кәсіпорындарына барып, тоқыма өндірісі мен шикізатты терең өңдеу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда Атырау облысында жалпы құны 7 трлн теңгеден асатын 60 инвестициялық жобаның пулы әзірленген. Бұл жобалар толық қуатына енгенде өңірде 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылып, аймақтың өнеркәсіптік әлеуеті жаңа деңгейге көтерілмек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале