9.03.2017, 10:56
Оқылды: 26

Автобус қаққан ер адам қайтыс болды

 

Орал қаласында жолаушылар көлігі екі адамды - ер адам мен әйелді қағып кетті. Олар белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан.


Жүргізушінің айтуынша, ол қала орталығына қарай бара жатқан: «Мен сағатына 35-40 км жылдамдықпен жүріп келе жатқам, олар (ер адам мен әйел - ред.) жолдың қарсы бетінен бері қарай өтіп келе жатты. Мен тежегішті бастым, бірақ тым кеш болды». Куәгерлердің айтуынша, автобус ер адамның аяғын басып өте шыққан. Ал әйел адам түрлі жарақаттар алған. Екеуі де облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылған.

Арада екі-үш сағат өткенде ер кісі жансақтау бөлімінде жан тапсырды. «Жапа шегушінің екі аяғы, жамбасы сынған. Күре тамырлары зақымданған. Бұл жарақаттар өте ауыр, оның өмірін қиып кетті», - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале