1.07.2026, 18:30
Оқылды: 70

Батыс Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» ауқымды жобасы басталды

БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде Мемлекет басшысының «Зерделі ұлт қалыптастыру» туралы Жарлығын іске асыру мақсатында ауқымды жұмыстар басталды.

WhatsApp Image 2026-07-01 at 18.30.35

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Осы орайда БҚО әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ресурстарды біріктірді. Бұл серіктестіктің негізгі мақсаты — кітап оқуды тұрақты қоғамдық дағдыға әрі жаңа әлеуметтік нормаға айналдыру. Жобаның инфрақұрылымдық және технологиялық серіктесі ретінде "Yandex Qazaqstan" компаниясы тартылып, «Яндекс Кітаптар» сервисі арқылы халыққа кең көлемді цифрлық кітапханаға тегін қолжетімділік ұсынылмақ.

WhatsApp Image 2026-07-01 at 18.30.35 (1)

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев бұл бастаманың еліміздің болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңір білім беру, мәдениет және кітапхана жүйесінің әлеуетін жұмылдыра отырып, кітап оқуды әр отбасының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруға дайын. Өз кезегінде «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сақошев бұл жобаны мемлекет, азаматтық қоғам және заманауи технологиялық алпауыттардың бірлескен сәтті серіктестік моделі ретінде қарастыратынын жеткізді. Сандық форматқа көшу шалғай ауылдардағы тұрғындардың да кітапқа қол жеткізу мүмкіндігін теңестіреді.

WhatsApp Image 2026-07-01 at 18.30.34

Жоба аясындағы ең ауқымды бастамалардың бірі «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны болмақ. Бұл жобаға оқушылар мен студенттерден бастап, педагогтар мен аға буын өкілдеріне дейінгі барлық тұрғын қатыса алады.

WhatsApp Image 2026-07-01 at 18.30.34 (1)

Жақын арада БҚО-да арнайы өңірлік жобалық офис құрылып, білім беру және мәдениет ұйымдарында үйлестірушілер тағайындалады. Сондай-ақ қатысушыларды тіркеу мен оқылған кітаптарды автоматты түрде есепке алып отыру үшін арнайы цифрлық платформа іске қосылады деп жоспарлануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале