ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын хабарлайды.

Фото: gov.kz
Мәжіліс депутаттары әзірлеген бұл құжат елдегі психологиялық көмектің бірыңғай құқықтық негізін қалайды. Жаңа заң аясында мамандардың біліктілігіне нақты талаптар қоятын кәсіптік стандарт енгізіліп, психологтардың Әдеп кодексі бекітіледі. Көмек сапасын арттыру үшін ғылыми негізделген әдістер ғана қолданылып, мамандарды қолдайтын супервизия институты іске қосылады.
Заңның басты жаңалықтарының бірі — психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу және оларды міндетті сертификаттау институтын енгізу. Министрліктің құзыретіне сәйкес, енді психологтарды даярлау тек бейінді кафедралары бар жоғары оқу орындарының базасында ғана жүзеге асырылады. Сонымен қатар мамандар кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтуге міндетті. Ведомство заң жобасын Үкімет пен Парламентте талқылау және қабылдау кезеңдеріне белсенді қатысты. Жаңа заң азаматтардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған.