4.07.2026, 14:30
Оқылды: 46

Ұлттық ұлан оркестрі домбыра күніне тарту жасады

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ұлттық домбыра күні қарсаңында Әскери оркестр қазақстандықтарға ерекше музыкалық тарту жасады.

IMG-20260704-WA0491

Фото: «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Әскери музыканттар Құрманғазының әйгілі «Адай» күйін оркестрдің қуатты үнімен үйлестіре орындап, төл өнерге деген құрметін білдірді.

​Әскери оркестрдің дирижері, аға лейтенант Ақниет Абашов домбыраның ұлттық рух пен мәдениетті жеткізуші қасиетті мұра екенін атап өтіп, барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

​Ұландықтар жауынгерлік міндеттерін атқарумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де белсенді үлес қосып келеді. Осындай шығармашылық жобалар жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, өнерге баулуды мақсат етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале