ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ұлттық домбыра күні қарсаңында Әскери оркестр қазақстандықтарға ерекше музыкалық тарту жасады.

Фото: «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Әскери музыканттар Құрманғазының әйгілі «Адай» күйін оркестрдің қуатты үнімен үйлестіре орындап, төл өнерге деген құрметін білдірді.
Әскери оркестрдің дирижері, аға лейтенант Ақниет Абашов домбыраның ұлттық рух пен мәдениетті жеткізуші қасиетті мұра екенін атап өтіп, барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
Ұландықтар жауынгерлік міндеттерін атқарумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де белсенді үлес қосып келеді. Осындай шығармашылық жобалар жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, өнерге баулуды мақсат етеді.