Сырым ауданы Алғабас ауылындағы №316 сайлау учаскесіне ең алғашқы болып Назгүл Төлеуова келді.

Саяси науқанда бірінші болып дауыс берген ауыл тұрғыны өз таңдауын жасауды әр азаматтың парызы деп санайтынын жеткізді. «Елдің ертеңі үшін дауыс беру — міндетіміз. Сондықтан сайлау учаскесіне ертерек келіп, өз таңдауымды жасадым. Барша жерлесімді сайлауға белсенді қатысуға шақырамын», — деді Назгүл Еділғалиқызы.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы