14.03.2017, 14:29
Оқылды: 28

Балалар ауылының тыныс-тіршілігін бағамдады

IMG-20170314-WA0063Бүгін облыстық "Нұр Отан" партиясының "Бақытты отбасы-Бақытты балалық шақ" партиялық жобасы аясында аталмыш партияның өкілдері отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды.


Аталмыш мекемедегі балалардың құқығын қорғау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстық мəслихаттың депутаты Ляна Тұрсынова мен "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының кеңесшісі Аймира Тарасқызы қатысты.

IMG-20170314-WA0064Кездесу барысында отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Сағыныш Өтебалиева аталмыш мекемеде 3,5 жас пен 18 жас аралығындағы 73 баланың тəрбиеленіп жатқанын айтты. Олардың тамақтану сапасы, материалдық-техникалық жағдайы өте жақсы. Мұнда балалар бес мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ би, спорттық үйірмелерге арналған бөлмелермен жабдықталған.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале