Елімізде жыл сайын маусым айының екінші жексенбісінде агроөнеркәсіп кешенінің маңызды салаларының бірі – мал шаруашылығы саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Осы мерекеге орай Астана қаласында салтанатты марапаттау рәсімі оздырылды. Аталған шарада Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты «Хамиджан» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің шопаны Болат Тажимов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Болат Хамидоллаұлы – саналы ғұмырын мал шаруашылығы саласына арнаған, өз ісіне адал, тәжірибелі еңбек ардагері. Ол 40 жылға жуық уақыт бойы шопандық кәсіпті абыроймен атқарып, бүгінде 1500-ден астам қойды бағып, мал басын сақтап, оның өнімділігін арттыруға және саланың дамуына зор үлес қосып келеді. Ата кәсіптің қыр-сырын меңгерген, өмірін ауылмен, ауыл шаруашылығымен байланыстырған еңбек майталманының еңбек жолы көпке үлгі.
Асу-Тұран,
Шыңғырлау ауданы