19.07.2026, 12:00
Оқылды: 117

«Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жаңа пойыз іске қосылады

Rail-news.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 2 тамыздан бастап №225/226 «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жаңа жолаушылар пойызын іске қосады.

пойыз поезд https://rail-news.kz/kz/passenger-transportation/24274-nacperevozcik-zapuskaet-passazirskii-poezd-nurly-zol-arkalyk.html

Фото: rail-news.kz

Қостанай және Ақмола облыстары тұрғындарының көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тағайындалған бұл пойыз күнара қатынайды. Бұған дейін аталған бағытта тек жеке тасымалдаушының пойызы жүрген. Сапарлар 2024 жылы шығарылған заманауи RWS Wagon вагондарымен жүзеге асырылады. Пойыз құрамында 3 купе және 3 плацкарт вагоны бар, бұл бір бағытта 250-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Пайдалану мерзімі 40 жылға дейінгі жаңа вагондарда эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке шамдар, USB-порттар, розеткалар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы орындар мен шақыру батырмалары қарастырылған.

Пойыз «Нұрлы жол» стансасынан 23:05-те жөнелтіліп, Арқалыққа 09:16-да жетеді. Ал Арқалықтан 21:20-да шығып, «Нұрлы жол» стансасына 07:16-да келеді. Сапар барысында пойыз Жалтыр, Атбасар, Жақсы, Есіл, Державинская және басқа да стансаларға аялдайды.

Жол жүру құны купе үшін 9 900 теңгені, ал плацкарт үшін 6 800 теңгені құрайды. Бұл бағытта «Алтын», «Алтын 1», «Саяхатшы» және «Жастар» дисконттық карталарының жеңілдіктері жарамды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале