3.08.2026, 19:00
Оқылды: 43

Елдос Сметов пен әлем жұлдыздары Алматыдағы халықаралық жиынға қатысады

kazjudoteam хабарлауынша, Қазақстан тарихында алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

InShot_20260803_183544620

Фото: kazjudoteam

5–15 тамыз аралығында Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің 30 елінен 700-ден астам танымал спортшы бас қосады.

​Ауқымды жиынға әлемдік рейтингтің көшбасшылары, Олимпиада мен әлем чемпиондары қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан), Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), сондай-ақ әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма, Санширо Мурао, Тато Григалашвили, Мими Хух және өзге де халықаралық дзюдо жұлдыздары бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале