kazjudoteam хабарлауынша, Қазақстан тарихында алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Фото: kazjudoteam
5–15 тамыз аралығында Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің 30 елінен 700-ден астам танымал спортшы бас қосады.
Ауқымды жиынға әлемдік рейтингтің көшбасшылары, Олимпиада мен әлем чемпиондары қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан), Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), сондай-ақ әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма, Санширо Мурао, Тато Григалашвили, Мими Хух және өзге де халықаралық дзюдо жұлдыздары бар.