Қазталов аудандық мәслихатының бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Жиын барысында 2026-2028 жылдарға арналған аудандық және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу, сондай-ақ 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын өзектендіру мәселелері талқыланды.
Негізгі тақырыптар бойынша баяндама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова жоспарланған түзетулердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді тиімді іске асыруға бағытталғанын жеткізді.
Сондай-ақ отырыста аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Темірғалиев мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлама жасады.
Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі барлық мәселені жан-жақты саралап, оларды аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылдады.
Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы