5.08.2026, 23:18
Оқылды: 5

Қазталовта бюджет пен даму жоспары қайта қаралды

​Қазталов аудандық мәслихатының бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

image-05-08-26-10-25-3

​Жиын барысында 2026-2028 жылдарға арналған аудандық және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу, сондай-ақ 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын өзектендіру мәселелері талқыланды.

Негізгі тақырыптар бойынша баяндама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова жоспарланған түзетулердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді тиімді іске асыруға бағытталғанын жеткізді.

​Сондай-ақ отырыста аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Темірғалиев мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлама жасады.

Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі барлық мәселені жан-жақты саралап, оларды аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылдады.

Жайна Қабиболла, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале