Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вячеслав Иночкин баяндады.
Вячеслав Иночкиннің мәлімдеуінше, сайлау 14 бөлімшеде, нақтырақ айтсақ, жетеуі Бөрлі ауданында, жетеуі Орал қаласында өтті. Аталмыш екі депутаттық орынға алты үміткер қатысып, олардың барлығы да сайлау бюллетеніне енгізілді. Сайлауға барлығы 8099 адам қатысып, тізімге енгізілген сайлаушылардың 70,23 пайызы дауыс берді.
Сайлау қорытындысы бойынша Пугачев аудандық сайлау округі бойынша «Конденсат» АҚ-ның бас инженері Нұрия Муфтеева сайланды. Оған 88,8 пайыз сайлаушылар дауыс берді.
Ал Орал қалалық сайлау округі бойынша «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Дәулетжанов сайланды. Аталмыш үміткерге сайлаушылардың 77,96 пайызы дауыс берді. Жаңадан сайланған депутаттардың екеуі де «Нұр Отан» партиясының мүшелері.
Айша ӨТЕБӘЛІ,
zhaikpress.kz