Бәйтеректе 42 854 сайлаушы тіркелген. Аудандағы 68 елді мекеннің 49-ында сайлау учаскелері бар. Аудан әкімдігінде сайлаушылар тізіміндегі азаматтарды тексеру үшін байланыс ортылығы мен сенім телефондары құрылды.

Бұл туралы Бәйтерек ауданы бойынша ҚР Құрылытай депутаттарының сайлауын өткізуге жауапты мекеме өкілдері мен сайлау комиссиясы мүшелерімен болған жиында айтылды. БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламановтың төрағалығымен өткен отырысқа аудан әкімі Марат Тоқжанов қатысты.
-Облыс бойынша Құрылтай сайлауына 502 комиссия, яғни құрамында 3224 мүшесі бар 14 аумақтық және 488 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Әкімдіктер ұсынған актіге сәйкес БҚО бойынша сайлаушылар саны 450 544 адамды құрап отыр. Қазіргі уақытта барлық учаскелік сайлау комиссиясы жұмыстарына кірісті және сайлаушылар учаскелерге барып, тізімдер бойынша өзі туралы деректермен таныса алады.
Жыл басынан бері Бәйтерек ауданының Асан ауылында және Бөрлі ауданының Ақсай қаласында жаңа сайлау учаскесі құрылды. Ал сайлаушылар санының азаюына байланысты Бөрлі мен Теректі аудандарында 3 сайлау учаскесі жабылды. Ал 15 сайлау учаскесінің шекаралары өзгертілді,-деді Әділ Тауфиқұлы.

Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Болатбек Ахметжанов атап өткендей, Құрылтай сайлауында аудан көлемінде 55 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Сайлау учаскелерінің көбі, яғни 29-ы мәдениет, 22 – білім, 3-уі – медициналық нысандарда орналасқан. Олардың бәрі бірінші қабатта орын тепкен және мүгедектегі бар сайлаушылардың кедергісіз кіруіне барынша жағдай жасалған. Бүгінгі таңда барлық сайлау учаскесі мемлекеттік рәміздермен кеңесе тауарларымен, дауыс беру жәшіктерімен, телефон, интернет байланысымен, дауыс беруге арналған кабиналармен жабықталған. Егер электр қуаты өшкен жағдайда әр учаскеде генераторлар қарастырылған.

Аудан әкімі барлық генератордың техникалық жағдайын тексеру керектігін ескертті. БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы әсіресе аудан орталығындағы сайлау учаскелеріне бөлінген генераторларға назар аударуға шақырды.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бағдат Халденовтың сөзінше, Бәйтеректе ерекше қажеттілігі бар сайлаушылар саны 131 адамды құрайды. Оның ішінде 15 ауылдық округтегі 27 сайлау учаскесінде тіркелген 41 адам кресло-арба пайдаланады. Осынша сайлау учаскесінде 68 көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар жан тіркелген. 10 ауылдық округтағы 13 сайлау учаскесінде 22 есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адам тіркеуде.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов баяндағандай, Переметный, Мичурин, Көшім, Дариян, Байқоныс, Достық, Рубежин, Щапов, Махамбет, Белес ауылдық округтарында сайлау күні халыққа қызмет көрсету үшін 10 сервис жасақталатын болады. «Қазіргі уақытта аудан бойынша 27 баннер ілініп, партияларға 27 кездесу орны белгіленді,-деді Радик Мақсотұлы.-Сайлау комиссиясы мүшлерін оқыту ісі жалғасуда. Күні кеше 94 комиссия мүшесі бар 16 учаске Мичуринде, 122 мүшесі бар 20 учаске Байқоныс ауылдарында оқудан өтті. Енді қалған 112 мүшесі бар 18 учаске үшін таяу арада Переметныйда оқу ұйымдастырылады. 42854 шақыру қағазының 22 пайызы таратылды. Үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге 211 өтініш түссе, 5 есептен шығару куәлігі берілді».
Жиынна соң Әділ Жоламанов аудан аумағындағы бірқатар сайлау учаскелерінде болып, олардың дайындығын пысықтады.
Серік МАРАТҰЛЫ,
Бәйтерек ауданы