15.08.2026, 18:30
Оқылды: 13

Бәйтерек: 90 жасқа толған ардақты анаға құрмет көрсетілді

Бәйтерек ауданына қарасты Январцев ауылының тұрғыны, тыл еңбеккері Бақтылы Ерғалиева 90 жас мерейтойын атап өтті.

image-15-08-26-11-51-2

Айтулы күнге орай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұқатаев ардақты ананың шаңырағына арнайы барып, аудан әкімінің ізгі тілегін жеткізді және арнайы құттықтау хат пен сый-сияпат табыс етті.

1936 жылы дүниеге келген Бақтылы әженің балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тура келіп, ол кішкентайынан үлкендермен бірге eгістік басында жұмыс істеп, масақ терген. Бейбіт заманда да туған ауылының өркендеуіне үлес қосып, «Вперед к коммунизму» колхозында әр түрлі ауыр жұмыстарды атқарған.

Жұбайы, Ұлы Отан соғысының ардагері Ақжан Ерғалиевпен 60 жыл отасып, бес перзент тәрбиелеп өсірген ақ жаулықты ана бүгінде ұрпақтарының ортасында бақытты ғұмыр кешуде.

Салтанат Шоқан,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале