ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша елімізде «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» есімдері бар 10 азамат тіркелген.

Сирек кездесетін бұл есімді иеленгендердің алтауы ер адам болса, төртеуі — әйел. Өңірлік бөлініс бойынша ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тұрады (4 адам), Алматы қаласында 2 адам, сондай-ақ Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір-бір азаматтан тіркелген.
Жасы жағынан бұл есімді алып жүргендердің тең жартысы (5 адам) 65 жастан асқан қариялар, ал олардың ішіндегі ең үлкені 80 жаста. Қалған азаматтар 30 бен 64 жас аралығындағы әртүрлі жас топтарына жатады.