ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің I форумы өз мәресіне жетті.

Фото: madenietaqparat
Шараға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан мемлекеттік органдардың, волонтерлік ұйымдардың өкілдері мен еріктілерден құралған 300-ге жуық делегат қатысты. Екі күнге созылған форум халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталды.
Форум барысында инклюзивті, корпоративтік, жастар және экологиялық волонтерлікті дамыту, мәдени мұраны сақтау, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлау, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдарды пайдалану мәселелері талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастық жөніндегі қарар қабылдады.

Алдағы уақытта ТМД волонтерлерінің форумын Достастық елдерінің бірінде жыл сайын өткізу көзделіп отыр.