Қазталов ауданында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай полигонға қатысқан азаматтармен кездесу өтті.

Аудан әкімдігінде ұйымдастырылған басқосуға аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Есжан Әбдиманапов, сондай-ақ жергілікті мекеме басшылары мен ардагерлер қатысты.



1991 жылғы 29 тамызда полигонның жабылуы Қазақстанның ядролық қарусыздану жолындағы тарихи қадамы болып, кейін бұл күн Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде бекітілгені атап өтілді.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің мәліметінше, бүгінде Қазталов ауданында Семей полигонына қатысқан 36 азамат тұрады: Қазталовта – 6, Жалпақталда – 5, Қайыңдыда – 3, Ақпәтерде – 2, Қошанкөлде – 2, Қараобада – 4, Қараөзенде – 9, Бостандықта – 2, Болашақта – 1, Көктеректе – 1 және Қарасуда 1 ардагер бар. Жиын барысында олардың бірқатарына алғысхаттар табысталды.









Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы