28.08.2026, 22:00
Оқылды: 7

Спорт ардагері Ғариф Сатиев Жәңгір хан университетіне жүгіру марафонын арнады

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың баспасөз қызметі хабарлағандай, спорт ардагері Ғариф Сатиев Орал қаласындағы Пугачев көшесінен оқу ордасына дейін жүгіріп өтті.

806bc36e-ea3e-4adc-b812-83b229c44686

Фото: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың баспасөз қызметі

Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл марафонды ол өзі бес жыл білім алған (1974-1979 жылдар) білім ордасына арнады. Тасқала ауданының құрметті азаматын университет ұжымы ерекше ықыласпен күтіп алды.

b4f6ab71-0c41-4c9e-bd24-18f304e65321

Қазіргі таңда 69 жасқа келген марафоншы халықаралық жарыстарға он рет қатысқан. Сондай-ақ Almaty Marathon, City Run, Almaty Half Marathon сияқты республикалық додаларда бағын сынап, жүлделі орындарды иеленді. Ол 2022 жылы Қазақстан чемпионатында және Оралда өткен қос марафонда топ жарды.

011054c2-c33a-444f-8336-b54743ad30d6 a4812522-f543-49c0-9be8-4f480058f7a8 f120f4cd-bfc5-4422-8d67-a1558364ea0e 68a6d57e-74d3-4311-85ed-5823a317853e

Ғариф Сатиев өзінің бұл бастамасымен кейінгі буынға табандылық пен салауатты өмір салтының үлгісін көрсетіп отыр.

86129c8c-38c2-4619-814e-d37c3a456f14

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале