Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың баспасөз қызметі хабарлағандай, спорт ардагері Ғариф Сатиев Орал қаласындағы Пугачев көшесінен оқу ордасына дейін жүгіріп өтті.

Фото: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың баспасөз қызметі
Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл марафонды ол өзі бес жыл білім алған (1974-1979 жылдар) білім ордасына арнады. Тасқала ауданының құрметті азаматын университет ұжымы ерекше ықыласпен күтіп алды.

Қазіргі таңда 69 жасқа келген марафоншы халықаралық жарыстарға он рет қатысқан. Сондай-ақ Almaty Marathon, City Run, Almaty Half Marathon сияқты республикалық додаларда бағын сынап, жүлделі орындарды иеленді. Ол 2022 жылы Қазақстан чемпионатында және Оралда өткен қос марафонда топ жарды.

Ғариф Сатиев өзінің бұл бастамасымен кейінгі буынға табандылық пен салауатты өмір салтының үлгісін көрсетіп отыр.
