Орал қаласында автомобиль жолдарының сапасын жақсарту және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
Сурет: Сайт архивінен
Жөндеу жұмыстары аясында 58 көшеде шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.
* 15 аялдама қалтасы орнатылады;
* мектептер маңында 15 көтеріңкі жаяу жүргіншілер өткелі салынады;
* 7 көшеде жүріс бөлігін тротуарлармен түйістіру жұмыстары жүргізіледі;
* жаяу жүргіншілер үшін 30 пандус орнатылады.
Жұмыстарды орындаушы мердігер ұйым – «GC - Group Company» ЖШС.
Жоспарланған жұмыстарды жол-құрылыс жұмыстарына қолайсыз ауа райы жағдайлары басталғанға дейін толық аяқтау жоспарлануда.
Аталған шаралар қала жолдарының жағдайын жақсартуға, жаяу жүргіншілер үшін қолжетімді ортаны қалыптастыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.