31.08.2026, 13:00
Оқылды: 0

Орал қаласында жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Орал қаласында автомобиль жолдарының сапасын жақсарту және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
ЖП ЖОЛ (1)
Сурет: Сайт архивінен 
Жөндеу жұмыстары аясында 58 көшеде шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.
Сонымен қатар:
* 15 аялдама қалтасы орнатылады;
* мектептер маңында 15 көтеріңкі жаяу жүргіншілер өткелі салынады;
* 7 көшеде жүріс бөлігін тротуарлармен түйістіру жұмыстары жүргізіледі;
* жаяу жүргіншілер үшін 30 пандус орнатылады.
Жұмыстарды орындаушы мердігер ұйым – «GC - Group Company» ЖШС.
Жоспарланған жұмыстарды жол-құрылыс жұмыстарына қолайсыз ауа райы жағдайлары басталғанға дейін толық аяқтау жоспарлануда.
Аталған шаралар қала жолдарының жағдайын жақсартуға, жаяу жүргіншілер үшін қолжетімді ортаны қалыптастыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале