1.09.2026, 21:00
Оқылды: 6

Адамдарды есірткі бизнесіне тартқан қылмыстық топ әшкереленді

Polisia.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, Қазақстан ІІМ шетелдік әріптестерімен бірлесіп, адамдарды есірткі бизнесіне тартудың халықаралық арнасын жойды.

InShot_20260901_191032144

Фото: polisia.kz

Қылмыскерлер оңай табыс пен заңды жұмысты желеу етіп, азаматтарды Telegram-дүкендер мен call-орталықтар арқылы заңсыз әрекеттерге тартқан.

​Украина мен Қазақстан аумағында жүргізілген ауқымды операция барысында ондаған тінту жасалып, 31 есірткі дүкені, ұйымдастырушылар мен желінің белсенді мүшелері анықталды. Тексеру кезінде мыңдаған дозаны құрайтын синтетикалық есірткі мен цифрлық айғақтар тәркіленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале