АӨК-ті цифрландыру: жасанды интеллект және деректер жер ресурстарын басқару тәсілдерін өзгертуде

Келесі кезең жер ресурстарын басқару тиімділігін арттырумен байланысты. Бұл бағытта цифрлық құралдарды, ғарыштық мониторинг пен геоаналитиканы қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл туралы Primeminister.kz сайты жазды.
Заманауи технологияларды пайдалану игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтауға, жердің жай-күйін бақылауға және оны бөлу процестерінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Цифрландыру біртіндеп АӨК-ті ауқымды трансформациялаудың бір бөлігіне айналуда. 2026 жылы ауыл шаруашылығында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейтілуде. Практикалық мысалдардың бірі – ара селекциясына және омарта шаруашылығын басқаруға арналған Apislab цифрлық платформасы. Платформаны еліміздің түрлі өңірлеріндегі омарта шаруашылықтары пайдаланып келеді.
Алдағы уақытта цифрлық шешімдер ресурстарды басқару мен селекциядан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйін бақылау және шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға дейінгі өндірістік процестердің барған сайын кең ауқымын қамтуы тиіс.
34 ғылыми бағдарламаға 28,9 млрд теңге: әзірлемелер өндіріске келуі тиіс
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың тағы бір маңызды бағыты – аграрлық ғылымды және оның практикалық бағдарын дамыту. Осы мақсатта АӨК-ті дамыту тұжырымдамасына Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын (ҰАҒБО) тігінен интеграцияланған агрохабқа айналдыру жөніндегі шаралар енгізілген. 2024-2030 жылдарға арналған ҰАҒБО-ны дамытудың стратегиялық жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда. Бүгінде ҰАҒБО – аграрлық саланың ғылыми-білім беру мекемелерін біріктіретін ғылымның мемлекетпен және бизнеспен өзара іс-қимыл операторы. Оның құрамына 33 еншілес ұйым кіреді, оның ішінде жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ауылшаруашылық тәжірибе стансалары және тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтар бар. Мұндағы міндеттердің бірі материалдық-техникалық базаны жаңарту болып қала бермек. Тұқым шаруашылығы жөніндегі кешенді жоспар аясында 2019 жылдан бері алғаш рет республикалық бюджеттен 16,8 млрд теңге бөлінді.