4.09.2026, 12:30
Оқылды: 12

Ақ Жайық атырабында дзюдоның үздіктері анықталды

Оралдағы «Жайық  арена»  спорт  кешенінде  дзюдодан  ерлер  мен  әйелдер  арасындағы  Қазақстан  Республикасының  чемпионаты  өтті.  Төрт  күнге  созылған  ел  біріншілігіне  еліміздің  17  облысы  мен  3  ірі  қаласынан  600-ге  тарта спортшы  қатысып,  14  салмақ  дәрежесінде  ел  чемпиондары  анықталды.

00014

Чемпионаттың  ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, облыстық  дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев, спортшылар, бапкерлер мен жанкүйерлер қатысты.

Жайық төріндегі дода барысында өңір дзюдосының жетістіктері де айрықша аталды. Жуырда ғана кадеттер арасындағы әлем шемпионатында жеңіске жетіп, қазақ қыздары арасынан дзюдодан тұңғыш әлем шемпионы атанған Фатима Сұпығалиеваға құрмет көрсетілді. Жас шемпионға облыс әкімі бір бөлмелі пәтердің кілтін және 3 миллион теңге көлемінде сыйақы табыстады.

00011

Шемпионаттың ашылуында өңір дзюдосын дамытуға үлес қосып жүрген федерация президенті Рустам Шайхиевке Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Спорт саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ спорт саласының ардагері Мұрат Тілегеновтің 80 жылдық мерейтойына орай министр Ербол Мырзабосыновтың құттықтаухаты табысталып, ардагерге шапан жабылды. Өңір әкімдігі тарапынан оған 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді.

Татами төріндегі бәсекеде облыс спортшылары екі күміс, екі қола медаль жеңіп алды. Күміс жүлде әйелдер арасында +78 келіде белдескен Карина Такиеваға және ерлер арасындағы 66 келі салмақта сынға түскен Нұрсұлтан Зайзағалиевке бұйырды.

Ал ерлер арасында 90 келіде сынға түскен Данил Крылов пен әйелдер арасындағы 52 келіде белдескен Айшабибі Мұрадымова қола жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек, шемпионат бағдарламасындағы аралас командалық сында өңір құрамасы бесінші орыннан көрінді.

254cc80a-c288-4568-aabd-e070d3c27728

Орал қаласында  өткен ел шемпионаты спортшылар үшін жүлде сарапқа салынған дода ғана емес, ұлттық құрама сапына енуге мүмкіндік беретін маңызды белес болды. Татамиде жеңіске жеткен спортшылар алдағы халықаралық турнирлерде Қазақстан намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Әйелдер

- 48 келі

  1. Ғалия Тынбаева (Алматы);
  2. Иянат Жұбатқан (Ақтөбе облысы);
  3. Ұлболсын Абдукаримова (Түркістан облысы);
  4. Аяулым Тұрдике (Маңғыстау облысы).

- 52 келі

  1. Аружан Ережепова (Алматы облысы);
  2. Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы);
  3. Нұрбала Зайнул (Түркістан облысы);
  4. Айшабибі Мұрадымова (Батыс Қазақстан облысы).

Ерлер

- 60 келі

  1. Нұрдәулет Мейрамбеков

(Қызылорда облысы);

  1. Мәди Серіков (Абай облысы);
  2. Мағжан Шамшадин

(Қызылорда облысы);

  1. Дильшод Миртурсын (Шымкент).

- 66 келі

  1. Ердәулет Бозша (Қызылорда облысы);
  2. Нұрсұлтан Зайзағалиев

(Батыс Қазақстан облысы);

  1. Данияр Қалмағамбетов (Ақтөбе облысы);
  2. Есентай Имаханов (Абай облысы).

Әйелдер

- 57 келі

1.Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы);

  1. Дина Мұхамбет (Қызылорда облысы);

3.Іңкәр Төлепбергенова (Жетісу облысы);

3.Арайлым Қалмырза (Түркістан облысы).

Ерлер

-  73 келі

  1. Данияр Шамшаев (Жамбыл облысы);
  2. Дархан Қойбағаров (Жетісу облысы);
  3. Дастан Шаяхметов (Абай облысы);
  4. Дастан Жұмажанов (Қарағанды облысы).

Әйелдер

- 63 келі

  1. Самалай Ерғалиева (Қостанай облысы);
  2. Данелия Асылханова (Атырау облысы);
  3. Асылжан Орынбасарова (Жамбыл облысы);
  4. Валерия Постникова (Қарағанды облысы).

Ерлер

- 81 келі

  1. Амангелді Мәди (Астана қаласы);
  2. Асқар Нарқұлов (Маңғыстау облысы);

3 .Азат Күмісбай  (Маңғыстау облысы);

  1. Ерзат Арғынов (Абай облысы).

Әйелдер

- 70 келі

  1. Мөлдір Нарынова (Жетісу облысы);
  2. Көркем Орымбек (Алматы);
  3. Нұрсезім Тұрлыбек (Шымкент);
  4. Шынар Бітімбай (Атырау облысы).

Ерлер

- 90 келі

  1. Нұржан Бисенов (Ақтөбе облысы);
  2. Ақжол Дүйсенбаев (Қарағанды облысы);
  3. Дидар Хамза (Түркістан облысы);
  4. Данил Крылов (БҚО).

Әйелдер

- 78 келі

  1. Екатерина Токарева (Алматы облысы);
  2. Шынар Абатова (Қызылорда облысы);
  3. Салтанат Ахметова (Түркістан облысы);
  4. Назерке Тілеуханова (Абай облысы).

Ерлер

- 100 келі

  1. Асқар Біржанов (Қарағанды облысы);
  2. Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы);
  3. Әділет Сапарғалиев (Атырау облысы);
  4. Жалғас Серіков (Алматы облысы).

+100 келі

  1. Санжар Жабборов (Қарағанды облысы);
  2. Ардақ Серіков (Қостанай облысы);
  3. Ильяс Қалидолда (Алматы);
  4. Жантілек Нұртілепов (Маңғыстау облысы).

+78 келі

1 .Назгүл Маратова (СҚО);

  1. Карина Такиева (БҚО);
  2. Камила Берліқаш (Жетісу облысы);
  3. Ақерке Рамазанова (Алматы).

Сайыстың шешуші күні аралас командалық бәсекелері өтті. Соның нәтижесінде мына командалар ұздік атанды:

  1. Жетісу облысы;
  2. Алматы қаласы;
  3. Қызылорда облысы;
  4. Қарағанды облысы.

Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале