Оралдағы «Жайық арена» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Төрт күнге созылған ел біріншілігіне еліміздің 17 облысы мен 3 ірі қаласынан 600-ге тарта спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде ел чемпиондары анықталды.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, облыстық дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев, спортшылар, бапкерлер мен жанкүйерлер қатысты.
Жайық төріндегі дода барысында өңір дзюдосының жетістіктері де айрықша аталды. Жуырда ғана кадеттер арасындағы әлем шемпионатында жеңіске жетіп, қазақ қыздары арасынан дзюдодан тұңғыш әлем шемпионы атанған Фатима Сұпығалиеваға құрмет көрсетілді. Жас шемпионға облыс әкімі бір бөлмелі пәтердің кілтін және 3 миллион теңге көлемінде сыйақы табыстады.

Шемпионаттың ашылуында өңір дзюдосын дамытуға үлес қосып жүрген федерация президенті Рустам Шайхиевке Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Спорт саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ спорт саласының ардагері Мұрат Тілегеновтің 80 жылдық мерейтойына орай министр Ербол Мырзабосыновтың құттықтаухаты табысталып, ардагерге шапан жабылды. Өңір әкімдігі тарапынан оған 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді.
Татами төріндегі бәсекеде облыс спортшылары екі күміс, екі қола медаль жеңіп алды. Күміс жүлде әйелдер арасында +78 келіде белдескен Карина Такиеваға және ерлер арасындағы 66 келі салмақта сынға түскен Нұрсұлтан Зайзағалиевке бұйырды.
Ал ерлер арасында 90 келіде сынға түскен Данил Крылов пен әйелдер арасындағы 52 келіде белдескен Айшабибі Мұрадымова қола жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек, шемпионат бағдарламасындағы аралас командалық сында өңір құрамасы бесінші орыннан көрінді.

Орал қаласында өткен ел шемпионаты спортшылар үшін жүлде сарапқа салынған дода ғана емес, ұлттық құрама сапына енуге мүмкіндік беретін маңызды белес болды. Татамиде жеңіске жеткен спортшылар алдағы халықаралық турнирлерде Қазақстан намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Әйелдер
- 48 келі
- 52 келі
Ерлер
- 60 келі
(Қызылорда облысы);
(Қызылорда облысы);
- 66 келі
(Батыс Қазақстан облысы);
Әйелдер
- 57 келі
1.Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы);
3.Іңкәр Төлепбергенова (Жетісу облысы);
3.Арайлым Қалмырза (Түркістан облысы).
Ерлер
- 73 келі
Әйелдер
- 63 келі
Ерлер
- 81 келі
3 .Азат Күмісбай (Маңғыстау облысы);
Әйелдер
- 70 келі
Ерлер
- 90 келі
Әйелдер
- 78 келі
Ерлер
- 100 келі
+100 келі
+78 келі
1 .Назгүл Маратова (СҚО);
Сайыстың шешуші күні аралас командалық бәсекелері өтті. Соның нәтижесінде мына командалар ұздік атанды:
Түгелбай Бисен,
«Орал өңірі»