8.09.2026, 23:00
Оқылды: 5

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен кездесу өткізді.

IMG_20260908_194114_131

Фото: aqorda_resmi

​Кездесу барысында Мемлекет басшысы еліміздегі кеден заңнамасын жетілдіру мен әкімшілендіру тиімділігін арттырудағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Қазақстан Еуразиядағы көлік қатынасын нығайтып, жүк тасымалына қолайлы жағдай жасауға күш салып жатқанын, сондай-ақ кеден рәсімдерін оңтайландыру үшін цифрлық шешімдер мен «ақылды шекара» моделін дәйекті түрде дамытып келе жатқанын жеткізді.

​Өз кезегінде Иэн Сондерс Қазақстанның кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіруде, цифрлық шешімдерді енгізуде және институционалдық құзыретті нығайтуда елеулі табысқа жеткенін атап өтіп, өзара қарым-қатынас қарқынына жоғары баға берді. Тараптар 30 жылдан аса уақыт бойы жалғасып келе жатқан ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растап, әлемдік саудадағы сын-қатерлер мен Орталық Азия өңірінің көлік-логистика әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале