5.09.2026, 18:00
Оқылды: 9

Құрылтай сайлауы: Жаңақалалық белсенділер мен байқаушыларға құрмет көрсетілді

Жаңақала ауданында «Әділет» партиясының мәжіліс залында аудандық сайлауалды штабтың Құрылтай сайлауы науқанында атқарған жұмыстарын қорытындылау жиыны өтті.

f37f96da-92cd-4189-bf57-d9036821605d

​Науқан барысында штаб тарапынан 71 мекемеде кездесу ұйымдастырылып, ірі кәсіпорындар мен сауда нысандарының ұжымдарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы ақпараттық-насихат шараларымен 4 601 адам қамтылды.

Жиын соңында Жаңақала аудандық филиалының төрағасы Гүлбану Дағарова қоғамдық істерге белсенді қатысқан штаб мүшелеріне, партия белсенділері мен үздік байқаушыларға партия төрағасы Айбек Дәдебайдың атынан алғысхат табыстап, алдағы уақытта да тұрғындармен байланыс жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Ақерке Ғилымхан, 

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале