6.09.2026, 20:30
Оқылды: 0

Қараөзен ауылының 60 жылдық шежіресі кітап болып басылды

Қазталов ауданында Қараөзен ауылының 60 жылдық мерейтойына арналған айтулы шара өтіп, өңір тарихын түгендеген жаңа еңбектің тұсауы кесілді.

image-06-09-26-07-03

​Тарихты бір арнаға тоғыстырып, Қараөзеннің өткені мен бүгінін хатқа түсірген «Қараөзенге – 60 жыл» кітабының авторы – Миржан Қарабалин. Автор бұл туындыны туған жерге деген құрметтен туған парыз деп бағалайды. Еңбекте ауылдың алты онжылдық ғұмыры жинақталып, әр белесі мен еңбек адамдарының есімі кейінгі буынға аманат етілген.

​Кітаптың тұсаукесер рәсіміне автордың өзі, Қазталов ауданының Құрметті азаматы Нағым Ризуанұлы және Алматы қаласынан арнайы келген Қараөзен қой кеңшарының негізін қалаушы, марқұм Айсағали Әбиевтің ұлы Нұрлан Әбиев қатысты. Салтанатты сәтте Қараөзеннің шежіресі қағаз бетінде ғана емес, жұртшылық жадында жаңғырғандай әсер қалдырды.

image-06-09-26-07-03-2

​Уақыт сынынан өткен Қараөзен ауылының ең үлкен байлығы – адамдары. Олардың өнегелі жолын ұлықтау мақсатында жергілікті мектепте мұражай мен тарих кабинеті ашылып, ауыл ортасында Құрмет тақтасы бой көтерді. Ал жарық көрген жаңа кітап осы сабақтастықтың нақты көрінісіне айналды.

image-06-09-26-07-03-4

Өткенге тағзым жасалған бұл күн ауыл тарихында айрықша мазмұнмен есте қалды.

Әдемі Оразғалиева, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале