4.09.2026, 23:00
Оқылды: 7

Тіл мен спортты түлеткен Шыңғырлау: Аудандағы нәтижелі еңбек жоғары бағаланды

Тілдер мерекесіне орай өткен салтанатты шарада Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтимов Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің алғысхатымен марапатталды.

InShot_20260904_192738323

​Бұл марапат — ауданда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық мәдениетті насихаттау және бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесі.

Бөлім тарапынан тілді дәріптейтін танымдық шаралар, көркемсөз оқу сайыстары, мәдени концерттер мен бұқаралық спорттық жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Өз кезегінде Олжас Сейтимов бұл марапат алдағы бастамаларға тың серпін беретінін атап өтті.

С. Өсәлім, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале