Қазталов ауданында оқушылардың шешендік қабілетін дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Ділмар» шешендік өнер үйірмесіне арналған арнайы сынып ашылды.

Шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, клубтың негізін қалаушы Жарқын Сәленұлы, педагогтар мен арнайы қонақтар қатысты. Нысанның лентасын Жарқын Сәленұлы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мирболат Айекеұлы қиды.
Жиын аясында «Сөзден қалған із» тақырыбында сыр-сұхбат өтіп, оқушылар көкейдегі сауалдарын қойды.

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов жаңа бастамаға қолдау білдіріп, республикалық үйірменің ауылда бөлімшесін ашуға септігін тигізген Жарқын Сәленұлына алғысын жеткізді.
Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы