Шыңғырлау ауданының Ақсуат негізгі мектебінің жас спортшылары Орал қаласында жасөспірімдер арасында өткен «Батыр» дзюдо біріншілігінде жүлделі орындарға ие болды.

Тартысты белдесулерде аудан намысын қорғаған жас дзюдошылардың арасынан Нұрбол Өтеп бірінші орынды жеңіп алса, Аят Шалабаев қола жүлдеге қол жеткізді. Спортшыларды жарысқа жаттықтырушы Құсайын Батырғалиұлы дайындады.
Сара Шакрат,
Шыңғырлау ауданы