9.09.2026, 19:00
Оқылды: 25

Елдегі босандыру ұйымдарына 80-нен астам санитариялық нұсқама берілді

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ведомство елдегі босандыру ұйымдарын тексеру жұмыстарын аяқтап, 80-нен астам санитариялық нұсқама берді.

IMG_20260909_182058_904

Фото: DenMinPR

Тексеру 84 нысанның 82-сінде, атап айтқанда 35 перинаталдық орталық пен 47 босандыру бөлімінде жүргізілді.

​Мамандар инфекциялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын, оның ішінде стерилизациялау және дезинфекциялау жұмыстарын, желдету мен сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйін бағалады. Қорытындысында 81 санитариялық нұсқама беріліп, 29 медициналық ұйымда дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің бұзылғаны анықталды.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев өңірлік басқармаларға нұсқамалардың орындалуын ай сайын бақылауды және санитариялық-техникалық жағдайды талаптарға сәйкестендіруді тапсырды.

Алдағы уақытта мұндай тексерулер балалар ауруханалары мен алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында да жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале