Қала күніне арналған мерекелік онкүндік аясында Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Фото: Бекзат Қанәділ
Ашық аспан астында ұйымдастырылған ауқымды мәдени шараға облыс орталығының мыңдаған тұрғыны мен қонағы жиналды.

Фестивальге Қазақстан, Түркия және Өзбекстанның танымал орындаушылары мен музыкалық ұжымдары қатысты. Сахнада Жұбаныш Жексенұлы, Bayansulu, Тұрар, Мақсат Рахмет, Ақылбек Бектасов, Тілек Базаров, «СақТау» этно-фьюжн триосы, сондай-ақ Түркия мен Өзбекстаннан келген Murat Yaprak пен Севара Туланова өнер көрсетті.




Фестиваль бағдарламасында дәстүрлі өнер мен заманауи музыкалық бағыттар өзара үйлесім тапты. Көрермендерге халық әндері, күйлер, жыр-термелер ұсынылып, ұлттық билер мен заманауи эстрадалық нөмірлер көрсетілді. Мерекелік кеш әсем отшашумен аяқталды.