14.09.2026, 22:00
Оқылды: 232

Әзербайжан астанасындағы жаһандық додада Қазақстан атынан 15 дзюдошы бозкілемге шығады

ҚР Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Бакуде өтетін дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды.

IMG_20260914_191846_757

Фото: DRSQazaqstan

4-11 қазан аралығында өтетін бұл жаһандық додаға елімізден 15 отандасымыз аттанады. Ерлер арасында Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов, Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов, Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар және Данил Крылов ел намысын қорғайды. Ал қыздар сынында Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Эсмигүл Куюлова, Аруна Жангельдина, Ақерке Рамазанова және Камила Берліқаш белдеседі.

​Жерлестеріміз жекелей сындармен қатар аралас командалық сайыста да сынға түседі.

Айта кетейік, аталған әлем чемпионаты — алдағы Лос-Анджелес Олимпиадасының лицензиялық ұпайларын жинауға мүмкіндік беретін маңызды турнирлердің бірі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале