ҚР Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Бакуде өтетін дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды.

Фото: DRSQazaqstan
4-11 қазан аралығында өтетін бұл жаһандық додаға елімізден 15 отандасымыз аттанады. Ерлер арасында Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов, Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов, Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар және Данил Крылов ел намысын қорғайды. Ал қыздар сынында Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Эсмигүл Куюлова, Аруна Жангельдина, Ақерке Рамазанова және Камила Берліқаш белдеседі.
Жерлестеріміз жекелей сындармен қатар аралас командалық сайыста да сынға түседі.
Айта кетейік, аталған әлем чемпионаты — алдағы Лос-Анджелес Олимпиадасының лицензиялық ұпайларын жинауға мүмкіндік беретін маңызды турнирлердің бірі.