17.09.2026, 15:15
Оқылды: 7

БҚО-да "Жолда анық көрін!" акциясы аясында оқушыларға жарыққайтарғыш ленталар таратылды

БҚО-да "Жолда анық көрін!" акциясы аясында оқушыларға жарыққайтарғыш ленталар таратылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

07e924b1-22ff-45df-b90c-83b01e8b3b21

Батыс Қазақстан облысында сегіз айдың қорытындысы бойынша  706 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 212 жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі болса, 96-сы балалардың қатысуымен орын алып отыр.

Осыған сәйкес жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қыркүйек айының 14 – 16 күндері аралығында республика көлемінде "Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!" атты профилактикалық акциясы оздырылуда. Аталған акция негізінде Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері "Жолда анық көрін!" іс-шарасын өткізді.

Шараға Орал қаласында №33 жалпы орта білім беретін мектептің 2-3 сынып оқушылары қатысты. Алдымен полиция қызметкерлері мектептегі жолда жүру ережелері көрсетілген бұрышпен таныс болды. Кейін оқушыларға жарыққайтарғыш ленталар таратылып, қараңғы уақытта бүлдіршіндердің қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

–  Бұл шараны өткізуде мақсатымыз – балалардың сабақтан қайтқан уақытта, қараңғы кезде балалардың жол үстінде көрінуін қамтамасыз ету. Барынша балаларға мұндай жарыққайтарғыш элементтердің маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол-кө­лік оқиғалары да жеткілікті. Жолды жүру бөлігі белгі­лен­беген жерден кесіп өту, жақындап қалған көліктің алдынан жүгіріп шығу, бағ­даршамға қарамай өте шығу секілді ереже бұзушылықтың салдарынан да қайғылы оқи­ғалар болады. Үлкен­дер жағы, ата-аналар осы мәселеге айрықша назар аударса екен, - деп деп атап өтті БҚО ПД ӘПБ үгіт-насихат тобының аға инспекторы Асылай Губашева.

Полиция қызметі жаяу жүргіншілерге жол үстінде жол ережелерін қатаң сақтап, аса мұқият болуға шақырады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале