19.09.2026, 11:00
Оқылды: 7

Астанаға келетін туристер саны жарты жылда 12%-ға артты

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Астанаға келген туристер саны шамамен 830 мың адамға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өсім көрсетті.

istockphoto-2177199803-2048x2048

Фото: istockphoto.com

Олардың ішінде 187 мыңға жуығы — шетелдіктер. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Kazakhstan Travel Forum 2026» халықаралық туристік форумында елорда әкімінің орынбасары Евгений Глотов мәлімдеді.

​Биылғы форум «Қауіпсіз туризм» тақырыбына арналып, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерін біріктірді. Бүгінде елордаға жыл сайын 1,6 миллионнан астам турист келеді.

Басты міндет – қонақтардың қалада ұзағырақ аялдауына жағдай жасау және оқиғалық туризмді дамыту арқылы халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале